#qyzylordatv

Ата Заңның жаңа жобасында жеке тұлғаның дербестігі күшейтіліп, цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғауға ерекше назар аударылған. Ал адами капиталды қалыптастырудың алғышарты ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновацияға басымдық берілген. Яғни елімізде тек қана экономикалық емес рухани-мәдени кемелденуге бастайтын жаңа бір реформа болғалы тұр, - дейді қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев.

ИБАДУЛЛА ҚҰТТЫҚОЖАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

 Бізде бұрын табиғи байлықтарға көбірек арқа сүйейтін тұғынбыз. Қазір енді адами капиталға үлкен мән берген. Оған үлкен инвестициялар бөлінеді. Яғни, білімге, ғылымға, мәдениет, инновацияларға қатысты үлкен инвестициялар салынған кезде, адами капитал мықты болатын болса өндірісте, технологияда үлкен өзгерістер болатын болса онда біздің де мемлекеттің әлеуеті артады. Кірістер көбейеді. Өндіріс өнімдері мықты бола бастайды. Міне осыған үлкен мән берген. Сондықтан енді Ата Заңымызда болып жатқан өзгерістер көпшіліктің көңілінен шығуда деп айта аламыз.