#qyzylordatv
Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі заңсыз салынған құрылыс нысандарына тексеру жүргізіп, нәтижесінде рұқсат беру құжаттарын рәсімдемеген 298 кәсіпкерлік нысанды анықтады. Заңға сәйкес тиісті шара қабылдау үшін анықталған кемшіліктер облыстық бақылау басқармасына жолданып, кәсіп иелеріне айыппұл салынды.
Жүргізілген профилактикалық жұмыстары кезінде санитарлық талаптарға немқұрайлы қарап, нысандардың сырт келбетіне мән бермейтін кәсіп иелері де анықталған. Соның ішінде, құрылыс қалдықтарын тастап, заңсыз қоршау жүргізген, сондай-ақ, тоз-тозы шыққан жарнамалық белгілерді елемей жүрген 340 меншік иесіне ескерту жасалыпты. Мұнан бөлек, полиция қызметкерлерімен бірге заңсыз қойылған дүңгіршектерді алу бойынша 210 хаттама толтырылып, тұрақты бақылауға алынды.
Сонымен қатар қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан бас шаһардың келбетін жақсарту бағытында 40-қа жуық эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыныстар берілді.
ЕРДӘУЛЕТ МҮБӘРӘК, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Қала аумағында орналасқан барлық саябақтарға, аллея аумақтарына эскиз жобалар әзірленіп тиісінше қалалық әкімдікке ұсынылды. Эскиздің нәтижесінде қаламызда қаншама саябақтар абаттандырылды, қайта жаңғыртудан өтуде. Эскиздің нәтижесінде қаламызда қаншама саябақтар абаттандырылды, қайта жаңғыртудан өтуде. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.