#qyzylordatv
Конституциялық реформа революциялық емес, эволюциялық үрдіс. «Ауыл» партиясының өкілдері осылай дейді. Кеңейтілген отырыс өткізген депутаттар Ата заңның жаңа жобасын талқылады.
Жиында ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұны, олардың ауылдық аймақтардың дамуына, аграрлық секторға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне және әлеуметтік саясатқа ықпалы жан-жақты сараланатыны айтылды. Жаңа Конституцияда адам – ең жоғары құндылық ретінде айқындалды. Отбасы ұғымы, адами капитал, білім, ғылым мен инновация – барлығы елдің ұзақмерзімді дамуына бағытталған. Партия төрағасы Конституциялық реформа асығыс шешім емес, соңғы жылдардағы өзгерістердің нәтижесі, - дейді.
СЕРІК ЕГІЗБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ
Кейбірі пікр айтады: «Неге бір айдың ішінде, бір жұманың ішінде асығыс неге істеліп жатыр?»,-дейді. Біздің оған нақты жауабымыз бар. Ол кеше басталған емес, бір жұма бұрын емес, 22-жылы біздер осы түбейлі конституциямызды өзгерте бастадық. Мынау революциялық емес, мынау эволюциялық жолмен келе жатқан үрдіс.