#qyzylordatv

Сыр өрендері Ақмола облысында өткен «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсынан жүлдемен оралды. Білімділер бәсекесіне қатысқан 2 оқушының жобасы үздік деп танылып, бірінші орынға ие болды.

 Балалардың зерттеу дағдыларын дамыту, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін арттыру мақсатындағы конкурс үш кезең бойынша өтті. Қалалық және облыстық кезеңнің жеңімпаздары «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен байқауда бақ сынады. Дарындылар додасына облыстағы білім беру ұйымдарынан 15 оқушы қатысса, олардың оны жүлдеге ие болды. Соның ішінде, Нағи Ілиясов атындағы № 9 мектеп - гимназия оқушысы Ерназар Балмағанбет «Органикалық қалдық қондырғысы арқылы электр энергиясын өндіру» жобасын сәтті қорғап шықса, Ғани Мұратбаев атындағы № 171 орта мектеп оқушысы Інжу Имамадиннің «Ерекше балаларға мұражайды аралауға көмектесетін ақылды жолсерік» жобасы үздік деп танылды.

 ГҮЛЖАЗИРА ТӘШЕНОВА, «ДАРЫН» ОБЛЫСТЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ \Жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша Қызылордадан 15 оқушы, 12 жобамен қатысты. Нәтижесінде 10 оқушы сегіз жобамен жүлделі орындарға ие болды. Екі оқушымыз дипломме, алғыс хатпен марапатталды. Енді 20-23 ақпан аралығында қоғамдық гуманитарлық бағыт бойынша конкурс ұйымдастырылады. Қызылорда облысынан бұл конкурсқа 14 оқушы 12 жобамен балғалы тұр \

 АЙГҮЛ БАЙЖІГІТОВА, ЖЕТЕКШІСІ \Әрбір шәкірт жұлдыз болуға лайықты. Сол шәкірттің жұлдызын жағатын ұстаз. Ерен еңбектің жемісі осы шәкіртімнің жеңісі деп ойлаймын. Тек конкурсқа қатысып қойған жоқ оқушы танымдық тренингтерге қатысты \

 ЕРНАЗАР БАЛМАҒАНБЕТ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ \жарыс бәрімізге ұнады. Екі бала бірінші орын алдық, менің жарысқа деген дайындығы өте жоғары болды. Соның нәтижесінде мен бірінші орын алдым. Біз үш күннің ішінде көптеген жерге қыдырып та үлгердік\