«Аймақта қызылшамен науқастанғандар көбейді. Олардың басым бөлігі – екпе алмаған тұрғындар» дейді жауапты мамандар. Жұқпалы дерт несімен қауіпті? Екпе туралы тұрғындар пікірі қандай? Келесі бейнематериалға зер салайық.

АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

Біз қазір егу бөлмесіндеміз. Мұнда ересектер мен балаларға түрлі екпе салынады. Айта кетерлігі қазір аймақта қызылшамен ауырған тұрғындар саны артып отыр. Мамандардың айтуынша, науқастардың басым бөлігі – екпе алмаған балалар. Қызылша ауа арқылы тез тарайды. Сондықтан дәрігерлер балаларды уақытылы вакцинациялауға шақырып отыр.

ГҮЛМИРА СЫЗДЫҚОВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

//2025 жылы облыс бойынша барлығы зертханалық әдіспен расталған 339 қызылша жағдайы тіркелді. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігін екпе алмаған адамдар құрады. Науқастардың 71%-ы қызылшаға қарсы профилактикалық екпеден өтпеген.

Бұл дабыл қағарлық жағдай. Өзекті мәселе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің алқа мәжілісінде де кеңінен талқыланды.

ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

// Бізде 2025 жылға дейін жағдай тұрақталды, бірақ қазір қайтадан өсім байқалып отыр, неге? Ең бастысы, мұнымен көресетін жағдай – екпе. Бізде бас тартқандар саны ұлғайып жатыр. 2024 жылы 400 факті болса, 2025 жылы 475-ке жетіп отыр. Бұл жұмыста біз неден ұтылып жатырмыз, себебі, тиісті саясат жүргізілмей жатыр. Бұл сіздердің кемшілік./

Қызылша – жылдам таралатын жұқпалы ауру. Ол әдетте суық тию белгілері, атап айтсақ дене қызуынан, көздің қабынуы және жөтелден басталады. Ол пневмония, бронхит, энцефалит сияқты асқынулармен қауіпті. Осы кезге дейін аймақта қызылшамен 17 тұрғын науқастанған.

Қызылша ауруына қарсы вакцинациялау барысының әлсіреп, екпеден бас тартушылар санының артуы мамандарды алаңдатып отыр. Айтуларынша, ұжымдық иммунитет бәсеңдеген сайын, ауру жұқтырып алу қаупі күшейе түседі.