#qyzylordatv

«AMANAT» партиясының облыстық филиалы биыл «Turgyndar amanaty» жобасын жүзеге асырмақ. Мұнан бөлек, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында «AMANAT Ideathon» жастар инновациялық байқауын өткізуді жоспарлап отыр.

 «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға жоспарланған Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың арнайы Жол картасы әзірленген болатын. Осыған сәйкес өңірде өткен жылы нәтижелі жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, «Жер аманаты» жобасы бойынша 66 791 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, «Ауыл аманатымен» 297 жоба қаржыландырылды. Ал, «Бақытты отбасы» жобасы аясында әлеуметтік осал топтағы жүзден астам отбасы анықталып, тиісті көмек көрсетілді. «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өткен жылы сегіз мыңнан астам өтініш түскен. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселенің басым бөлігі оң шешімін тауып, заңнамалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді, құқықтық кеңестер берілді. Партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар биылда жалғасын табады.

 ЖАНДОС БАЗАРТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ \Оның ішінде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында наурыз айында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының арнайы Кубогі үшін «AMANAT Ideathon» жастар инновациялық байқауын өткізу. Көппәтерлі тұрғын үйлер мәселесін шешуге арналған «TURGYNDAR AMANATY» жобасын бастадық. Бұл партиялық жобаларымыз бен сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруда біраз жоспарларымыз бар..\