#qyzylordatv
Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалында Ата заңымыздың жаңа жобасын талқылауға арналған жиын болды.
Еркін форматтағы басқосуға партия мүшелерімен бірге заңгерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері және журналистер қатысты. Жиында Конституцияның жаңа редакциясындағы негізгі тұжырымдамалар, оның институционалды өзгерістерге әкелетін қадамдары мен әлеуметтік әсері кеңінен талқыланды.
Ал заңгер Жадыра Шүкенованың пікірінше, Жаңа Конституцияның маңызды бағыты – цифрландыру. Осыған байланысты Конституцияда алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы бекітілді.
ЖАДЫРА ШҮКЕНОВА – ЗАҢГЕР
Бізде қазір өзекті мәселе цифрлық қауіпсіздік. Жаңа конституция жобасында осыған қатысты біраз өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сол бағыттағы бастама менің өз пікірім өте орынды және өзекті. Біз тәуелсіздік алғаннан бері өмір бір орында тұрған жоқ. Біз цифрлық тұрғыда дайын болуымыз керек. 01:57 Қазіргі қолданыстағы конституциямыздағы республикалық түбегейлік принциптеріне де біраз жаңаша қағидаттар қосылды.//