#qyzylordatv

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті.

Бюро мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияны қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды Сенаттың алдағы отырысында қарау туралы қаулы қабылдады. Аталған заңның нормалары мәдениет саласын жаңғыртуды, сондай-ақ, тәуелсіз және экономиканың маңызды секторы ретінде креативті индустрия қалыптастыруды көздейді. Бұдан басқа, сенаторлар бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдарды жұмыс үшін Палатаның тұрақты Комитеттеріне бөліп берді.

 МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Конституциялық реформалар жүргізіліп жатқаны белгілі. Бұл бастама ауқымды жаңғырту стратегиясының маңызды бөлігі. Осы үлкен жұмыстың аясында Ата заңымыздың түбегейлі жаңа жобасы дайындалып, оның мәтіні жарияланды. Жаңа Конституция азаматтардың қоғамдық институттардың, саяси-партиялардың және заң саласы мамандарының ұсыныстары негізінде әзірленіп, арнайы комиссия отырыстарында танспорентті және мазмұнды талқылаулардын өтті. Шешімді жалпыұлттық референдум арқылы қабылдау, ашық, бәсекелі және теңгерімді билік құрылымына қарай жасаған шешуші бетбұрыс екені анық.