Облыста 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында «Қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында ішкі істер органының есебіндегі 1852 адамның тұрғылықты мекен-жайлары тексерілді. Ал учаскелік инспекторлар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, пробация есебінде тұрғандар мен қолайсыз отбасыларды аралап, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Рейд нәтижесінде 241 құқық бұзушылық тіркелсе, 32 маскүнем мен 2 нашақор есепке алынды. Белгілі тұрағы жоқ 14 адам қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Түнгі уақытта жалғыз өзі көшеде жүрген 5 бала бейімдеу орталығына жеткізілді.