#qyzylordatv
«Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан бір адам көз жұмды.
Қайғылы оқиға 2 ақпан күні түскі сағат 13:45 шамасында Сырдария ауданы, Шаған ауылының тұсында болған. «Ауди 80» және «Урал» автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан оқиға орнында 1 жүргізуші қаза болды. Белгілі болғандай ауыр жүк көлігі Қызылорда облысы бойынша Шекара қызметі Департаментіне тиесілі екен. Қызметтік көліктің ішінде жүргізушімен бірге 23 әскери қызметкер болған. Сарбаздар жанып жатқан көлікті қармен өшіруге тырысқан. Оқиға болған сәтте «Ауди» автокөлігі толығымен жанып кетсе, қызметтік көлікке едәуір зақым келген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
РАХЫМЖАН СҰЛТАНҚҰЛОВ – ОПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Екі автокөліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан бір автокөлік өртеніп, жүргізуші қайтыс болды. Қызылорда облысы полиция департаменті жол көлік оқиғасынан адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізуде.