Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері Қан орталығына арнайы барып, адам өмірін сақтап қалуға үлес қосты.
Игі іс-шараға аурухана ұжымы ерікті түрде белсене атсалысты. Медицина қызметкерлері қан тапсыру қайырымдылықтың маңызды және қолжетімді түрі екенін еске салды.