№ 37 түзету мекемесінде сотталған азаматтарға жұмысшы мамандықтардың қыр-сырын үйрететін оқу сыныбы ашылды.

Бұл сыныпта сотталғандар еңбек нарығында сұранысқа ие дәнекерлеу ісі,сантехникалық жұмыстар,тігін ісі және басқа да жұмысшы мамандықтар бойынша білім алады.

Жазасын өтеушілер бостандыққа шыққаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

№37 түзету мекемесі төмен қауіпсіздік санатына жатады және мұнда жеңіл әрі орташа дәрежедегі құқықбұзушылық жасағандар жазасын өтеп жатыр. Мекемеде жүзеге асырылып жатқан бейімдеу шаралары сотталғандардың қайта қылмысқа бармай,қоғамға кірігуіне бағытталған.