Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Гежуба Шиелі цемент» зауытының бас директоры У Чжэньхуамен кездесті. Онда «Самара-Шымкент-Еңбекші» аудандық маңызы бар автомобиль жолының жағдайы және оны жөндеу мәселесі талқыланды.

Жолдың ұзындығы 6 шақырым. Былтыр соның 4 шақырымын серіктестікке тегін пайдалануға беру туралы келісім бекіген. Осы уағдаластық негізінде аталған учаскеге жолды пайдаланушы тарап күрделі жөндеу жүргізіп беруі тиіс болатын.

Қазір жобаның құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жол жөндеу жұмысы биыл басталмақ. Айта кетейік, «Шиелі-Тайқоңыр» автокөлік жолы да демеушілік негізде жөнделіп жатыр. Бұл бастамаға Kazatomprom» ұлттық атом компаниясының еншілес мекемесі «KAP Logistics» серіктестігі қолдау көрсеткен. Күрделі жөндеуге 2 млрд 555 млн теңге бөлінді.