Сонымен Жаңа Конституция жобасында ер мен әйелдің отбасылық одағы туралы айқын жазылған. Ал Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашу мәселесіне ерекше назар аударды. Бұл деген - адам ұрлау, ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс деп атады. Осы мәселеге байланысты қызылордалықтар арасында сауалнама жүргізіп көрдік.