Қызылорда қалалық «Жастар» театры «Шолпанның күнәсі» трагедиясын ел назарына ұсынды. Алаш қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» шығармасы – қоғамдағы адам тағдыры, әйел бақыты мен ер азаматтың абыройы, сәби сүйе алмай жүрген жандардың ішкі күйзелісін терең бейнелейтін туынды.

Премьерадан бұрын ұйымдастырылған баспасөз конференциясында қойылымының негізгі идеясы туралы кеңінен айтылды.

НҰРМАТ МАНСҰР – ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

// Сол спектакльдердің заңды жалғасы ретінде жылды жаңа прьемерамен ашып отырмыз. Бұл Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» шығармасы. Жалпы қазақ әдебиетіндегі әйел тақырыбын, әйелдің ішкі күйзелісін, әйелдің табиғатын жалпы арқау еткен үлкен күрделі, ауқымды, атақты шығармалардың бірі. Осы Мағжан Жұмабаев атамыздың «Шолпанның күнәсі». Мағжанның мұрасын зерттеуші ғалымдар айтады 22-23 жылдары Мағжан шығармасында үлкен бір табысқа жеткен жылдар болды. Соның бірі Шолпанның күнәсі жазылды дейді. Бұл енді педагогика саласында, әлеуметтік тақырыптарда қалам тербеген ақын осы психология бағытында, адам психологиясы бағытында жазылған үлкен бір шығарма.//

БЕРІК АХМЕД – ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ

//Мағжанның «Шолпанның күнәсі» әңгімесі бұл қазіргі таңға дейін өте өзекті тақырып. Білем шығармалар көп. Достарымыздың арасында, туған туысқандарымыздың арасында бала сүйе алмай жүрген, бала болуы үшін әулие аралап, бақсы, балгер жағалап, Құдайдан тілеп немесе туған туысқандарының баласын сұрап жүрген, өзімнің айналымда көп кездестірдім адамдарды. Біз енді Қызылорда оңтүстік өңір болғаннан кейін әулиелі жерлер, бақсылық балгерлік жерлер көп. Солардың бәрін ести келе бір күні алдымнан осы шығарманы кездестірдім. Осыны оқып жатқан сәтте спектакль қойылатынын біліп жаттым. //

Қойылымда Шолпан есімді әйелдің махаббат пен ар-ұят алдындағы ішкі арпалысы, жолдасы Сәрсенбайдың шарасыздығы суреттеледі. Алғашында бала болмауын тілегенімен, кейін балалы болуды аңсаған Шолпанға көрші әйелдердің көзқарасы, сөзі де оңай тимегені байқалады. Қойылымда отбасы құндылығымен қатар бедеулік, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері ашып көрсетілген.

АРУЖАН СЕРІК – АКТРИСА

//Баста маған қиын болды. Мен Шолпанды түсінбедім. Себебі Шолпан менің қарама-қайшылығым. Персонажым халықтың сөзін көп тыңдайды. Халықтың сөзіне еріп кетеді. Өзінің күнәлары үшін жауап береді ғой. Бірақ соның барлығын есті күйде и ессіз күйде жасайды. Ойлануға онда уақыт болмайды. Сондықтан да Шолпанның кейбір жерлерімен келіспеймін. Ол да бақытты болуға лайық болған шығар, бәлкім. Бала үшін қандай ессіздікке бармады дейді да Шолпан қойылымда.Шынымен де қаншама ессіздікке барды. Қаншама кезеңдерден өтті. Бірақ ол кезең болған жоқ. +Және осы қойылымда оны қолдауға, барынша ақтап алуға тырыстым. Себебі бәрібір де әйел теңдігі болуы керек//