Өңірде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» атты ауқымды экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен су шаруашылығы саласының мамандары, сондай-ақ, табиғат қорғаушылар және экобелсенділер жұмылды. Олар өзен-көлдер мен өзге де су айдындарының маңын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

 «Бұлақ көрсең, көзін аш». Жалпыұлттық науқанның түпкі мақсаты осы тәмсілге негізделген. Яғни, экологиялық акция аясында еліміздің барлық өңірінде су айдындарының маңы қоқыстан тазартылды. Сыр жұртшылығы да байырқалы бастамаға бір кісідей ұйымшылдықпен қатысты. Игі шараға қатысушылар алдымен Сырдария өзенінің жағасын арам шөптерден тазалап, қоқыстарды жинап шықты.

 НӘЖМАДИН ШАМҰРАТОВ – «ҚАЗСУШАР» РМК ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //Бұлақ көрсең, көзін аш деген қағидалы сөз атадан балаға, баладан бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатқан үлкен міндетті жұмысымыз. Қызылорда қаласында бастау алған шара Арал ауданындағы Ақеспеде, Жаңақорған ауданындағы Қайнарбұлақта тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл енді бір-екі күндік не айлық қана жұмыс емес ұдайы жүргізілетін болады. Бүкіл Сыр өңіріндегі бұлақтардың есебін алып, Жаңақорған мен Шиелі ауданынан бастап 38 км үстінде арықтар мен каналдарды тазарту жұмыстарын бастап кеттік. Себебі, жақын күндері егіншілерге су жіберу жұмыстары басталады. Сондықтан біз жұмыла жұмыс жасаймыз.//

СВЕТЛАНА ҚОЖАМБЕРДИЕВА – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

"Су тіршіліктің нәрі екенін барлығымыз білеміз. Су айдындарының тазалығы бұл денсаулық кепілі. Осы орайда тазалық жұмыстарына экобелсенділерді қамтып қатысып жатырмыз. Жалпы әрбір азамат өзінің елінің көркеюіне атсалысса табиғатымыз таза болар еді. Бұл жұмыстарға алдағы уақытта да біз белсенді түрде атсалысамыз.//

Еріктілер қатарынан табылып, іс-шарада белсенділік танытқан жастың бірі – Жібек Ақнұрова. Екі жылдан бері қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен көзге түсіп жүр.

ЖІБЕК АҚНҰРОВА – ЭКОВОЛОНТЕР

Жалпы акцияға 30-ға жуық еріктілер келді. Біз тек бүгін ғана емес «Таза Қазақстанға» арналған бүкіл акцияға белсенді түрде қатысып келеміз. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Себебі, еліміздің таза болғаны өзімізге жақсы.

Аталмыш акция аясында Белкөл кенті маңындағы қалаға кіреберіс қақпасынан үлкен жолды бойлай 5 мың түп шөлге төзімді сырталы мен қарағаш, үйеңкі секілді көшеттер егілді. Қаланы жасыл желекке айналдыруды көздейтін бастамаға орманшылар мен коммуналдық мекеме қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ, бұл күні Тағзым алаңында да көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері және әскери қызметкерлер ағаш көшеттерін отырғызып, айналаны тазалап шықты. Игі шара аясында қатысушылар асық атып, ләңгі тепті. Білекті жігіттер қол күресіп, арқан тартысты.

Айта кетейік, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы аясында Жаңақорған ауданындағы Қайнарбұлақ су жолы мен Арал ауданындағы Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты «Аққұмшық» жағажай маңы да қоқыстан тазартылды. Тазалықшылар жағаға шығып қалған шөп-шалаң мен тұрмыстық қатты қалдықтарды жүк көлігіне тиеп, арнайы қоқыс төгетін орынға апарды. Өскен ұя, тұрғылықты мекенді мұнтаздай таза ұстау – рухани жаңғыруға бастар жол. Сондықтан туған жердің тазалығы үшін әр тұрғын жауапты