Сыр өңірінде алғаш рет ұйымдастырылған театрішілік фестиваль мәресіне жетті. Бес күн ішінде көрермендер 9 қойылымды тегін тамашалады. Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өткен ауқымды шараның ерекшелігі неде, жеңімпаздарға қандай номинация табысталды? Тілшіміз тарқатады.
«Нартай театр фест – 2026» фестивалі театрдың шығармашылық әлеуетін танытқан, көрермен мен сахна арасындағы рухани байланысты нығайтқан мәдени алаң болды. Ал марапаттау шарасының өзі ерекше ұйымдастырылды. Сахнада театр ұжымы өнер көрсетіп, 5 күн ішінде сахналанған қойылымдарға шолу жасалды. Мәдени шарада көрермендер мистикалық триллер, трагедия, буффонада ертегі, психологиялық және деректі драмалар, моноспектакль, қуыршақ және музыкалық қойылымдарды тамашалады. Ең бастысы фестивальде келушілердің қатары қалың болды. Спектакльдерге мұндай сұраныс артып, аншлаг болуы, әрине, театрдың басты жетістігі.
Фестивальде Эрих Распенің «Үміт» номинациясын “Мюнхгаузеннің әлемі” спектакліндегі Барон Мюнхгаузен ролі үшін Мұхамедияр Әбсаттар иеленді. Ал «Үздік режиссер» номинациясын Ерсайын Төлеубайдың “Абай” спектаклі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Хұсейн Әмір–Темір еншіледі.
ХҰСЕЙН ӘМІР-ТЕМІР – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, РЕЖИССЕР
"Мен осы қанша жылдық өмірімде Абай туралы екі спектакль қойдым.Талдықорғанда «Абай туралы аңыз» деген ол да ерекше спектакль болды. Бүгінгі біздің театрымызда қойылған спектакль 2013 жылы сахнаға келген болатын. Сонша жылдан кейін де спектакльь тетарішілік фестивальде маған номинация алып бергені маған үлкен қуаныш. Бұл бірінші марапат емес қой, дегенмен де әр марапаттың өзінің бағасы бар да.Әр марапаттың өзінің салмағы бар. Өйткені әр марапат сенің өміріңдегі, өнеріңдегі белес."
Ал «Үздік ер бейнесі» номинациясы Анураг Кашьяптың “Кім?” мистикалық триллеріндегі Амир ролі үшін Қанат Архабаевқа, «Үздік әйел бейнесі» номинациясы Ақмоншақ Ахметтің “Шырмауық” моноспектакліндегі Әйел ролі үшін Мәдениет саласының үздігі Ақтолқын Төлеуоваға бұйырды.
АҚТОЛҚЫН ТӨЛЕУОВА – МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
"Менің ойнаған спектаклім Ахмет Ақмоншақтың «Шырмауық» қойылымы. Біздің театрымыздың 70 жылдық тарихында алғаш рет моноспектакль осы спектакль қойылған. Бақытты актрисалардың бірімін деймін. Алғашқы моноспектакльді ойнап, алғашқы тераішілік спектакльді ең үздік әйел бейнесін жеңіп жатырған бақытты актрисамын деп ойлаймын."
Айта кетейік, фестивальде театр ұжымының жұмысын білікті мамандар сараптады. Өнер ұжымының шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігін айқындаған ауқымды шара алдағы уақытта да жалғасатын болады.