Мораторий аяқталды. Енді бензин қымбаттайды ма? Сенатта журналистердің бұл сауалына Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов жауап берді.
Вице-министрдің айтуынша, мораторий алынғаннан кейін бензин құнының күрт өсуі байқалмады. Бұл жанармай қорының жеткілікті мөлшерімен байланысты. Яғни, елімізде бензинге тапшылық жоқ. Сондықтан баға да тұрақты. Енді баға қалай қойылады? Бұрын Үкімет бақылады. Қазір бағаны нарық өзі анықтайды. Сұраныс көп болса, бензин құны өседі. Аз болса – өзгермейді. Еске салсақ, 2025 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда бензин мен дизель бағасына мораторий енгізілген еді. АИ-92 бағасы литріне 213-239 теңге аралығында, дизель 317–337 теңгеден сатылды. 1 сәуірден бастап мораторий аяқталды. Енді баға нарық сұранысына сай өзгереді.
САНЖАР ЖАРКЕШОВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ
"Дәл қазір жанармайға тапшылық жоқ. Бізде шамамен 600 мың тонна бензин және 600 мың тонна дизель отыны бар. Қор жеткілікті. Бұл ішкі сұранысты толық жабуға мүмкіндік береді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен өңірлік штабтар бағаны тұрақты бақылауда ұстап отыр."