#qyzylordatv

Елімізде еңбек құқығының бұзылуына қатысты тіркелген деректер саны артқан. Бұл туралы еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жылы 17 мыңға жуық шағым қаралған. Сонымен қатар, 1700-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 2 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған. Заң талаптарын бұзғандарға жалпы сомасы 136 миллион теңге айыппұл салынды. Мамандардың айтуынша, осы шаралардың нәтижесінде 17 500 қызметкердің құқығы қорғалған. Алайда, тіркелген деректердің көбеюі еңбек саласындағы заңсыздықтардың жаппай белең алғанын білдірмейді. Керісінше, бұл – бақылау мен тексеру жұмыстарының күшейтілгенінің нәтижесі.