#qyzylordatv
Бүгін өңірімізде иммундау апталығы бастау алды.
Сәуір айының соңғы аптасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Дүниежүзілік және Еуропалық иммундау апталығы жұқпалы аурулардан қорғауда екпенің рөлін күшейтуге бағытталған. Бүгінде елімізде профилактикалық екпелер Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі және бұл жүйе 21 аурудан қорғануды көздейді. Апталық аясында еліміз бойынша ашық есік күндері мен дәрігерлердің кеңестері ұйымдастырылады. Екпеге күмәнданатын немесе одан бас тартатын ата-аналарға ерекше назар аударылмақ. Жалпы облыс бойынша 200-ден астам егу кабинеті жұмыс істейді, ал шалғай ауылдарға мобильді бригадалар шығады.