#qyzylordatv

«Денсаулық сақтау жүйесіндегі жас мамандар: медициналық колледждердің халықаралық диалогтары» тақырыбында өткен ғылыми-тәжірибелік конференция аясында секциялық отырыстар ұйымдастырылды. Еліміздің әр өңірінен келген медициналық колледж студенттері төрт бағыт бойынша өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасты.

Жалпы, конференцияның мақсаты - медициналық колледждер арасында халықаралық деңгейде диалог орнатып, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, кәсіби көзқарасын кеңейту және заманауи медициналық тәжірибелермен таныстыру. Жиынға қатысушылар көшбасшылық, еріктілер қызметі, ғылыми практикалық даярлық және цифрлық трансформация, жасанды интеллект бағыттары бойынша топқа бөлініп, білікті мамандардың дәрісін тыңдады. Секциялық жиында шетелдік мамандармен қатар Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері де озық тәжірибелермен, инновациялық идеялармен және ғылыми зерттеу нәтижелерімен бөлісті.