#qyzylordatv

Қызылорда жұртының жадында жатталған бұл бейнелер осыдан 35 жыл бұрын экранға шыққан дикторлар. Біздің тілшілеріміз алғашқы дикторлармен тілдесіп, олар қазір қайда не іспен шұғылданып жүргенін сұрап білді.

 Бұл осыдан 35 жыл бұрын жұмысын бастаған Қызылорда облыстық телеарнасы. Сол кезеңде аймақ халқына ақжолтай ақпарды алғаш болып жеткізген дикторлардың бірі Асылбек Жамансариев. Алматыдағы Театр және көркемсурет институтын бітірген маман еңбек жолын Шымкент қаласында мәдениет саласынан бастаған. Одан соң туған жері Тереңөзек ауданына келіп, саладағы жұмысын жалғастырады. Асылбек Жамансериевтің диктор болуы да кездейсоқ. Облыс орталығына жұмыс сапарымен келген азаматты әріптес ағасы Рамазан Тайманов кастингке қатысуға үгіттеп, топқа салады. Бойында бар өнерімен дараланған диктор үміткерлерге қойылған екі кезеңнен сүрінбей өтіп, қазылар алқасының шешімімен бірден қабылданады. Бүгінде Алматы облысындағы №14 орта мектепте ұстаздық қызмет атқаратын Асылбек Жамансариев, өткенге шегініс жасап, телеарна ұжымын мерейтойымен құттықтады.