#qyzylordatv
Чехия кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция салуға жоғары қызығушылық танытып отыр. Әсіресе энергетика, көлік, машина жасау, сақтандыру және өзге де салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға басымдық берілуде. Астанада өткен бизнес форумға 60-тан астам кәсіпкер қатысып, жаңа нарықтың мүмкіндіктерін талқылады.
Қазіргі таңда елімізде 150-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 700 миллион доллардан асты. Өзара тиімді ынтымақтастықтың нақты мысалдарының бірі – Škoda Auto компаниясының 8,2 миллион долларға автокөлік құрастыру жобасын іске қосуы. Ал BBS кәсіпорны осы жылдың соңына дейін 9 миллион долларға жылу алмастырғыш жабдықтар өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Форум қорытындысы бойынша Қазақстан мен Чехия компаниялары арасында ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды.
РОМАН СОРКИН SKODA TRANSPORTATION КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ
Бірнеше жыл бұрын Қазақстан нарығына кіреміз деген талпынысымыз болған. Өкінішке қарай жобаларымыз өтпей қалды. Осы жолы жаңа бастамалармен қайта келіп отырмыз. Үйткені Қазақстан мүмкіндігі мол нарық. Инвестициялық климат өте жақсы. Ішкі тұтынушылардан бөлек Орта Азия елдеріне, шығысқа да батысқа да экспорттауға болады. Сондықтан Үлкен үмыт артып отырмыз алдағы келісімдерге.