#qyzylordatv
Өңірде туризм және балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылуы мүмкін. Бүгін бұл мәселе облыстық мәслихаттың кезектен тыс 32 сессиясында көтерілді.
Күн тәртiбiне ұсынылған үш мәселенің алғашқысы - «Қызылорда облысын басқару схемасын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу. Яғни осыған дейін 19 басқарма жұмыс істесе, салалық бағытына қарай тағы да екі басқарма құру жоспарда. Олардың бірі туризм саласына қатысты болса, екіншісі балалардың құқығын қорғауға негізделеді. Сессияда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету мәселелерін қарау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құру жайы да қаралды. Олардың құрамына ұсынылған үміткерлер таныстырылды. Мұнан соң жекелеген санаттағы азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды беру жайы сөз болды. Депутаттар бұл мәселені талқылап, тиісті ұсыныстарын берді.