#qyzylordatv
Арнамыздың мерейтойына орай бүгін 3 сағаттық үзіліссіз телемарафон ұсынылды. Түскі сағат 12 де басталған мерекелік эфир шығарылымында сырлы сұхбат, тарихи естеліктер қайта жаңғырды.
«Көрерменмен көзайым – 35 жыл!» атты телемарафон тікелей эфир арқылы көпшілік назарына ұсынылды. Үш бөлімнен тұратын телемарафонда телеарна тарихынан бастап, өткені мен бүгіні, даму кезеңі, жетістіктері сөз болды. Телеарнамен тағдырлас, өмірі өнегелі ғибратты ғұмыр иелерімен, тұрақты көрермендерімізбен және шетелде қызмет істеп жүрген әріптестерімізбен сүбелі сұхбат ұйымдастырылып, түрлі құттықтаулар мен лебіздер айтылды.