#qyzylordatv
Облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңесінің жаңа төрағасы болып Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы сайланды.
Кезектен тыс отырыстың күн тәртібіне қойылған алғашқы мәселе босап қалған орынға кеңес мүшесін қабылдау. Бұл орынға кандидат ретінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов ұсынылып, кеңес мүшелері бірауыздан мақұлдады. Мұнан соң осыған дейін кеңес төрағасы қызметін атқарған Сұлтанбек Тәуіпбаев әріптестеріне алғыс айтып, төрағалық қызметті тоқтатуды ұсынды. Сондай-ақ төрағалық қызметке жаңадан мүшелікке қабылданған Наурызбай Байқадамовтың кандидатурасын ұсынды. Ашық дауыс беруі арқылы облыстық қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы болып Наурызбай Сейтқалиұлы сайланды. Жиында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеуімбетов мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз етуде Қоғамдық кеңеске артылар жауапкершілік жоғары екендігін атап өтті.