#qyzylordatv
Бірлік күні қарсаңында Сырдарияның сол жағалауында комфорт плюс санатындағы 7 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жаңа үлгідегі «Тұран» тұрғын үй кешенінің алғашқы легіндегі баспана.
Аймақта соңғы 4 жылда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер табысталды. Ал аудандарда 2023 жылдан бері жаңадан 1800-ге баспана салынған. Облыс әкімі құрылыс саласындағы қарқынды тірлікті сөз етіп, тұрғындарға баспана кілтін табыстады.
Заманауи үлгідегі тұрғын үйлер жаңа Жылу электр орталығын салған түрік инвесторы «Акса Энерджи Қызылорда» компаниясының қызметкерлеріне табысталды. Солардың бірі - жоба жетекшісінің көмекшісі Метин Иылыкхан.
МЕТИН ИЫЛЫКХАН - ЖОБА ЖЕТЕКШІСІНІҢ КӨМЕКШІСІ
Жобамызды бітіріп, енді іске қосып бастап жатырмыз. Электр энеригиясын өндіреміз. Ал бүгін жаңа үйге орналастық ол үшін қуаныштымыз. Мұқнда біздің компанияның қызметкерлері тұрады. Алдағы 15 жылда станцияда жұмыс істейтін. Осындай үй салып берген құрылысшыларға алғыс айтамыз. Біздің елде де бірінші мамыр халықтар достығы күнін тойлайды. Баршамызға құтты болсын!
«Тұран» тұрғын үй кешені толықтай қазан айында ел игілігіне пайдалануға берілмек. Айта кетейік, биыл өңірде кезекте тұрған азаматтарға 2 400 пәтерді табыстау үшін бюджеттен 55 млрд 600 млн теңге қаралып отыр.