#qyzylordatv
«Qyzylorda» телеарнасының 35 жылдық мерейтойы Достық үйінде салтанатты іс-шараға жалғасты. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев телеарна ұжымын құттықтап, құрмет көрсетті.
Телевизия — жай ғана экран емес. Ол — уақыттың тамырын ұстап тұрған тірі ағза. Оның жүрегі — халықтың үні, ал тынысы — шындық. Бүгін Сырдың сырлы сандығының телекөрерменге жол тартқанына тура - 35 жыл. Осы уақыт аралығында аймақтың aйнaсы өңірдегі ғана емес, еліміздегі сaяси, әлeумeттiк, мәдeни құндылықтaр мeн дәстүрлeрдi насихаттаған құнды құрaлғa aйнaлды. Достық үйінде өткен салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев телеарнаның маңызына тоқталды.
Мұнан соң телеарнаның қалыптасу жолында тер төккен ардагерлер мен жаңа медианың талабына сай еңбек етіп жүрген білікті мамандар облыстың ең жоғарғы наградасы «Құрмет грамотасымен» және облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Телеарна ұжымын әріптестік ықыласын білдірген «Қазақстан» Республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамының бас редакторы Болат Мүрсәлім озат қызметкерлерге басқарма төрағасының «Құрмет Грамотасы» және «Алғыс хатын» табыстады.
Отыз бес жыл бедерінде төл aрнa – қоғaмдaғы оқиғaлaрды aрнaйы бaғдaрлaмaлaр aрқылы тaлқылaп, тaрaзылaйтын кeңiстiккe aйнaлды. Аймақтың тынысын танытқан телеарнаға 18 жыл жетекшілік еткен, Халықаралық телерадио академиясының академигі Жағыппар Қарабала өткенге шегініс жасап, телеарнаның қалыптасу жолына тоқталды.
Отыз бес жылда телеарна талай белесті артқа тастады. Ақпарат қана таратқан жоқ — ойдың ордасына айналды. Бағдарлама ғана жасаған жоқ — пікір қалыптастырды. Бүгінде өңірлік телеарналар арасында әріптестік байланыс нығайып келеді. Шығармашылық һәм техникалық тұрғыда тәжірибе алмасқан филиалдардың мүмкіндігі де күн санап кеңейе түсуде.
Телеарна тілшілерінің ән шашуы мерейтойдың маңызын арттырып, көркін аша түсті.