#qyzylordatv

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазақстан» Республикалық телерадио кешенінің бас редакторы Болат Мүрсәлім «QYZYLORDA» телеарнасына арнайы келіп, жергілікті медиаорталықтың жұмысымен танысты. Ел тәуелсіздігімен қатар қадам басқан ақпарат ордасы өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтіп отыр.

 Қызылорда астана болған аймақ. Осындай қасиетті «Қызылорда» атауына ие болған біздің телеарна биыл 35 жылдығын атап өтіп отыр. Айтулы күні аймақ басшысы да арнайы арнаға ат басын тіреп, тілегін жеткізді

Бүгінде телеарна цифрлық форматта тәулігіне 15 сағат хабар таратады. Екі тілдегі жаңалықтар тікелей эфирде тәулігіне 8 мәрте жарыққа шығады. 35-тен астам хабар дайындалады. Телеарна өнімі тіпті өзге елдерде де көрсетіліп жатыр. Бұл ұжымның еңбегі – сана мен сапа биігінде екенін айғақтайды

 Елін сүйетін, отқа да күйетін, суға да түсетін, тау-таста да жүретін түсіруші топ - бізде! Біздің телеарна тілшілерін тоқтатар қиындық жоқ. Жер-жаһанды жаулаған пандемия кезінде де эфирді бір сәтке үзбей, барлық емдеу мекемелерін аралап, науқастардың хал-жайын біліп, дәріхана, қоймаларда дәрі бар-жоғын анықтап, сюжет таратқан да, қуаңшылықта да, қаңтар оқиғасында да халықтың ортасынан табылған да, алда талай табылатын да - біздің тілшілер. Төлгілген тер, жасалған еңбек ескерусіз емес. Жыл сайын журналистеріміз шығармашылық байқауларда, парасат пайымы мен ой биігі бәсекеге түсер бәйгелерде оқ бойы озып шығып, телеарна беделін биіктетіп жүр. Сана биігінен түспеген телеарнамыз сапа биігін де бірге бағындырып келеді. 35 жылдық белесің құтты болсын, телеарна - Қызылорда!