#qyzylordatv
Қайта жаңғыртудан өткен Президент саябағында Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған мәдени-көпшілік іс шара өтті.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қайта түлеген Президент саябағы бүгінде тұрғындардың жиі келіп, демалатын орнына айналды. Мұнда мереке сайын түрлі іс-шаралар өткізіліп, концерттік бағдарламалар қойылады. Бірлік күніне орай ұйымдастырылған кеште де түрлі бағыттағы шаралар көрініс тапты. Мәселен, қолөнер шеберлері мен жас суретшілердің шығармашылық туындылары қойылған көрме келушілерге ерекше әсер қалдырса, түрлі этнос өкілдерінің өнері көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Татулықты ту етіп, достықты дәріптеген шараға қала әкімі Нұржан Ахатов қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында атқарылған жұмыстармен жүзеге асқан жобаларға тоқталды.