#qyzylordatv

 Облыстық статистика департаментінде ардагерлерге жаңа мүмкіндіктер қарастырылуда. Мұнда олар еңбек адамдарына құрмет көрсетіп қана қоймай, олардың қоғамдық өмірге белсене қатысуына жағдай жасайды.

 Департамент басшылығының бастамасымен ардагерлер бірлестігі құрылды. Жеке кабинет бөлініп, мұнда ардагерлердің жұмыс істеп, кездесулеріне барлық жағдай жасалған. Бүгінде аймақта он мыңдаған ардагер бар. Тәжірибелі, көпті көрген сала мамандарын қолдау шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Басты міндет – аға буынды қоғамдық өмірге тарту және ұрпақтар сабақтастығын сақтау.

СЕРІК ДҮЙСЕНБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

 Әрине, бұл үлкен қолдарлық нәрсе. Өйткені зейнетке шыққан ардагер бір жерде есепте болуы керек деп ойлаймын. Біздің облыстық ардагерлер кеңесінің мақсаты да, міндеті де зейнетке шыққан ардагерлерді үйде отырып қалмасын, қоғамға аралассын, өмірде жинаған тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа үлгі етсін деген мақатта. Облыс көлемінде 85 мыңға жуық ардагер болатын болса, 773 бастауыш ұйым бар.Онда 69 мыңға жуық ардагер тіркелген. Сондықтан қараңыз, тіркелмегенінің өзі бірталай. Осы бағытта жұмысты жандандыруымыз керек.