#qyzylordatv

Берекесі артып, ынтымағы жарасқан жалағаштықтар бірлік мерекесін тойлады. Орталық алаңда мерекелік шеру ұйымдастырылып, түрлі этнос өкілдері көпшілікке ұлттық дәмін ұсынды.

 Жалағаш ауданы сан ұлтқа саялы мекен болған өрісті өңір. Бұл өлке татулықтың тұрағы болып, бірлік атты кең керегелі шаңырақтың астында қаншама ұлт пен ұлысты ұйыстырып отыр.

Мерекелік шарада түрлі этнос өкілдері ұлттық дәмін ұсынып, Бірлік күнінің мән-маңызын айшықтай түсті.

 АРДАҚ ИБРАИМОВ – АУДАН ӘКІМІ

Халқымыз «бірлік бар жерде тірлік бар» деген қағиданы атадан балаға мирас етіп қалдырған. Бірлік – ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылық. Біздің бейбіт өміріміздің мызғымас кепілі. Бұл күн әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Бұл мереке бүкіл әлем халықтарының бірлігі мен ынтымағының, достық пен еркіндіктің ұмтылуымызға айналып отыр. Біздің елімізде достық пен ынтымақтастықтың шынайы белгісі ҚР Конституциясында айшықталған... ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың да басым көпшілігі бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында.

 Мерекелік шарада аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етті. Түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық би өнері насихатталып, рухты, мағыналы әндер мамыражай мейрамның мерейін тасытты.

 Халқымыз «бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған. Өйткені бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын, келешегі кемел болмақ.