#qyzylordatv
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3-курс докторанты.
Еңбек жолын 1997-1998 жылдары «Қазақойл-коммерция» ЖШС-де мұнай және мұнай өндіру саласының сарапшысы болып бастаған. Одан кейін әр жылдары жекеменшік коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, облыс әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданы, Қызылорда қаласы әкімі лауазымдарында болды.
Ал 2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарса, 2022 жылғы 7 сәуірден бастап Қызылорда облысының әкімі лауазымында болды.