#qyzylordatv
Бүгін Сыр төрінде «Өңірлік дамудың басым бағыттары» атты форсайт сессия өтті. Бұл шара ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған алаң. Кездесуге қатысқандар өңірдің өзекті мәселелерін талқылап қана қоймай, оларды шешудің нақты ғылыми және тәжірибелік тетіктерін айқындауға тырысты.
Өңірдегі өндіріс салалары ғылыми сүйемелдеуді қажет етеді. Мейлі ол агросала болсын, мейлі ол экологиялық мәселелер болсын, мейлі ол табиғи ресурстарды игеру болсын. Өндіруден бөлек, өңдеу ісінде де ілгерілетуді қажет ететін тұстар баршылық. Осы ретте сессияға ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері арнайы келді. Еліміздің көрнекті ғалымдарының бір шоғыры онлайн форматта қатысты.