#qyzylordatv

Автокөлік жуатын бекеттерге жаңа талап енгізілді. Енді олар пайдаланылған суды сүзгіден өткізіп, қайта қолдануыға мүмкіндік беретін құрылғы орнатуға міндетті. Осы орайда «Сыр суы» филиалының бастамасымен қала іргесіндегі елдімекендерде орналасқан орта және шағын кәсіпкерлерік нысандарың иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпкерлер бұл жаңашылдыққа дайын ба? Осы сұрақтың жауабын әріптесім Елдос Асан біліп келді.

ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ

Осылай көлігіңізді жылтыратып жуу үшін шамамен 70 пен 100 литр аралығында су кетеді. Енді есептеңіз, бір көлік жуу бекеті күнделікті қаншама суды ысырап қылуда. Сондықтан, елімізде су кодексіне жаңа өзгерістер енгізіліп жатыр.

Судың да сұрауы бар. Сондықтан, Су кодексіне 2025 жылы енгізілген жаңа өзгерісте орта және шағын кәсіпкерлерік нысандары су сүзгісін орнатуға міндетті, деп көрсетілген. Талап бойынша енді көлік жуатын бекеттер суды қайта пайдалануға мүмкіндік беретін қондырғы орнатуы қажет. Осылайша тіршілік нәрі 30-40 пайызға үнемделмек. Ал, жаңа өзгеріс 2027 жылдың қаңтар айынан бастап ресми түрде күшіне енеді.

 Бүгінде қала іргесіндегі елдімекен мен 7 ауданда автокөлік жуатын жүзге жуық арнайы бекет бар. Соның барлығына «Сыр суы» филиалының мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Айта кетерлігі, суды сүзігіден өткізетін аппаратты кәсіп иелері өз қаражаты есебінен орнатады.

 ПЕРИЗАТ ЖҮСІПОВА – КӘСІПКЕР

 Бұл жобаға келісеміз. Орнатамыз құдай қаласа. Бұл бізге тиімді деп ойлаймын. Ком услуга төйлегенде үнемдейміз. Аз шығады. Суды ұқыпты пайдаланып, болашағымызға пайдалы деп ойлаймын.

 Тіршілік нәрін тиімді пайдалану бүгінгі күннің басты талабы. Ал егер кәсіп иелері келер жылға дейін жаңа талапқа бағынбаса, орталық ауыз судан ажыратылады, дейді мамандар.