#qyzylordatv

«Өзіңнен баста». Қызылордада мемлекеттік жас қызметшілер мен студенттер арасында облыстық дебат турнирі өтті. Жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған іс-шарадан тілші бейнематериалы.

 Ауқымды іс-шара облыстық жастар ресурстық орталығында бастау алып, қызу пікірталастан соң Достық үйінде өз мәресіне жетті. Дебат-турнирді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыстық департаменті мен қоғамдық даму басқармасы бірлесіп өткізді.

 ФАРХАТ ИМАНҒАЛИЕВ - ОБЛЫС БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Бұл турнирдің басты мақсаты өздеріңізге белгілі заң және тәртіп қағиадасы аясында Қызылорда облысының әкімдігі, Аманат партиясы ұйымдастыруымен үлкен іс шара өткізіліп жатыр. Қатысушыларға рақмет, келешекте бұндай дебат жалғасады

Тартысты додаға «Republic», «Алаш Prime», «Әділдік альянсы», «Әділет Легионы», «Азат», «АМАНАТ», «Нысана» және «Әділетті Қазақстан» командалары қатысты. Қатысушылар заң үстемдігі, тәртіп мәдениеті, қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелерін көтеріп, шешендік шеберлігін көрсетті.

АЙЖАН ОРЫНБАСАР – «БЕДЕЛ» ОРАТОРЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Жас мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер арасында Өзіңнен баста дебат турнирі өткізілді Заң мен тәртіп аясында қандай жұмыстар жасалып жатыр, оны қалай дұрысынан жасау керек деген түрлі тақырыптар талқыланды. Ойын қызықты өтті 1 қатысушы студент енді бірі мемлекеттік қызметкер, барлығы бір бірімен тәжірибе алмасты.

 Қазылар алқасының шешімімен І орын «АМАНАТ» командасына берілді. ІІ орынды «Нысана», ІІІ орынды «Алаш Prime» командалары иеленсе, «Republic» командасы төртінші орынға тұрақтады.

НАБАД ДУМАН 125 High Shool МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

 Бүгін Заң мен тәртіп аясында өткізілген мемлекеттік қызметкерлер арасындағы турнирден шықтық. Аманат партиясының атынан қатыстық. Дәл қазір жүйелі 1-ші орынға ие болып жатырмыз. Осындай шаралар жиі болса дейміз. Пікірсайыс логиканы дамытуға сыни ойлауға бағытталған шара. Қатысушыларға рақмет.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир жастардың құқықтық білімін тереңдетіп, қоғамдағы белсенділігін арттыруға және заңға деген құрметін күшейтуге септігін тигізеді.