#qyzylordatv

Өнер орталығында «AI-ARU» заманауи би ансамблінің «Би – жанның сыры» атты шығармашылық кеші өтті. Халықаралық би күніне орайластырылған шара көрерменге ерекше әсер сыйлады.

АБАЙ МАХАНБЕТЖАНОВ – «АЙ-АРУ» ЗАМАНУИ БИ АНСАМБЛІНІҢ РЕПЕТИТОРЫ

Бұл Қызылордамызда алғаш замануи бағыттағы ансамбль болғаннан кейін оның репертуар жасауы мен жинақтауы оңайға соқпады. 00:43 осы бар талпынысымызды қазір бірер минуттан кейін халыққа,көрермендерге паш етеміз.

Бұл - облыстық филармония жанынан құрылған «Ai-Aru» заманауи би ансамблінің алғашқы жеке шығармашылық концерті. Өнер өлкесіне жаңа серпін әкелген ұжым көрерменге мазмұны бай бағдарламасын ұсынды.

Кештің басты ерекшелігі – «Би – жанның сыры» атауына сай әр қойылым арқылы түрлі сезім мен ойдың сахна тілімен көрініс табуы. Әсем хореография, сахналық мәдениет пен орындаушылық шеберлігін паш еткен өнер ұжымы көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Сахна төріне шыққан өнерпаздар өзіндік ерекшелікпен, жоғарғы орындаушылық техникасымен бидің ұлттық бейнесін ашып, таңғажайып бейнелердің жарқын көрінісін көрсетті.