#qyzylordatv

«Қыстың қамын жаз ойла» деген тәмсілді ұстанған ел Үкіметі бүгін жылу беру маусымына дайындықты пысықтады. Биыл Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртуға 1 трлн теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Үкімет резервінен 7 өңірге 25 млрдтан астам қаражат бөлінеді. Ал, біздің облыстың қылышын сүйретіп санаулы айда келіп жететін қыс мезгіліне әзірлігі қандай? Тілші жеткізсін

Үкімет өткізген селекторда алдағы жылу беру маусымына Қызылорда облысына пәленбай млрд теңге бөлінетін болды деген ақпарат айтылмады. Естігеніміз, 4 өңірге қаржы бөлініп қойылды. Бәлкім, біздегі «акса энерджи» компаниясы салған жаңа жылу-электр орталығы бүкіл энергетикалық мәселені шешед деген болуы керек. Алайда коммуналдық салада шешімін күткен мәселе шашетектен ғой, алдағы жылу меру маусымына қатысты құзырлы сала басшысы былай деп баяндады

 Бүгінде қаланы ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі межеге жақындап қалды. Осы ретте облыс басшысы бұл жұмыс сапалы жүруі тиістігін атап айтты. Бекер емес, талай жыл шешілмеген проблема Президент пәрменімен түйіні тарқатылған тұста халық сол жұмыстың нәтижесін көруі керек. Жалпы коммуналдық мәселе болсын, оның ішінде жарық, жылуға қатысты бөлек мәселе болсын, аудан, қала әкімдері әрбір істің басынан табылулары тиіс. Жүрдім-бардым емес, нақты, нәтижеге бағытталған жанашырлықпен жасалған жұмыс қажет. Айтпақшы, жылу тарифі қайта қаралуы мүмкін. Жылу, су, жарық мекемелеріндегі дебиторлық, кредиторлық қарыздар толығымен өтелуі тиіс. Сала басшылары дәл осы тұста менеджерлік қабілеттерін көрсететін кез келді.

Жиында сонымен қатар, қосымша мәселелер де қаралды. Мәселен, бүгінде облыстың коммуналдық меншігінде 15 ғимарат пайдаланылмай тұр. Оларды не саудаға шығару керек, ал, қаңқасы қалған болса, құр босқа қаңыратпай сүріп тастаған жөн болар. Одан қалды заңсыз жолаушы тасымалы тоқтамай тұр, тұрғындар техникалық жағдайы беймәлім көлікпен қатынап, тіпті жол апатына да түсіп жатыр. Жалпы жолда тәртіп керек. Біраз тамақтану орындарында сырттан келгендер, мигранттар рұқсат қағазынсыз жұмыс істеуде, біразы наубайханаларда жүр. «Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа» жоқтың қасы. Оларды тексеріп жатқан СЭС мекемесі бар ма? Халықтың қауіпсіздігі қайда қалды? Тез арада тәртіп орнату қажет! - деді облыс әкімі тиісті құрылым басшыларына