#qyzylordatv

Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Білім беру жүйесіндегі конституциялық қағидаттарды ілгерілетуге арналған маңызды жиында өскелең ұрпаққа тәрбие беру барысында Ата заңды насихаттап қана қоймай, оны күнделікті тәжірибеде қолдану керектігі айтылды. Осы ретте педагогтер мен оқушылар білім беру жүйесінің тұтас бір бөлшегі ретінде қарастырылуға тиіс, себебі Конституция – барлық саланың негізгі тірегі.

 МӘДИ БЕКМАҒАНБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Біз президентіміздің бастамасымен қолға алынған бүкіл халықтық рефендум арқылы қабылданған жаңа конституциядағы білім беру саласын қолдау ілгерлету қағидаттарын дамыту мәселесін білім беру континентіін талқылаудамыз. Департамент жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңесте жаңа Конституциядағы білім саласын дамыту,білім сапасын арттыру,білім саласындағы материалдық техникалық базаны жабдықтыру мәселелерін кеңінен талқылаудамыз.

Жиында білім беру саласын жаңғырту бағытындағы мемлекеттік бастамалар да кеңінен сөз болды. Соңғы жылдары елімізде жаңа форматтағы мектептер салынып, заманауи инфрақұрылым қалыптасып келеді. Бұл өз кезегінде сапалы білім алуға тең мүмкіндік беруге, оқыту процесін жаңа деңгейге көтеруге жол ашуда.

 ҚЫЗЖІБЕК АБДРАМАНОВА – «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫС БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Педагогикалық әдеп Кеңесінің отырысында білім беру саласындағы өзгерістер және жаңадан қабылданған Ата Заңымыз Конституцияның Конституциядағы қарастырылған білім саласына қатысты негізгі мәселелер болды. Соның ішінде 3 - ші, 33- бапта,30- бапта қарастырылған мәселелерді ортаға салып қарастырдық. Білім беру ол тек қана міндет емес. Конституциялық мемлекет тарапынан кепілдік екендігін және білім беру үдерісі мемлекетіміздің дамуының негізгі стратегиялық бағыт екендігі ортаға салып талқыланды.

Кеңес барысында Қармақшы ауданындағы білім беру ұйымдарының бүгінгі жай-күйі сараланды. Аудандық білім бөлімінің басшысы педагог мәртебесін сақтау, мұғалімнің кәсіби тұлғасын қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.