#qyzylordatv
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты шара болды.
Оған әскери қызметкерлер, ардагерлер, әскери-патриоттық тәрбиеге жауапты мамандар мен жастар қатысты. Мерекелік жиында мұқым елдің мығым қалқаны - Қарулы күштеріміздің тарихы, әлеуеті мен құрылымы туралы сөз болды. Одан соң қорғаныс саласының ардагерлері мен үздік әскери қызметкерлер марапатталды.
МЫҢДІЛДА РШАУОВ, «ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ» РҚБ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылуының басы – қасында болдық, соның қалыптасуына бүгінгідей дәрежеге жетуіне залда отырған ардагерлер атсалыстық. Ендігі жерде қарулы күштеріміз елімізбен, мемлекетімізбен бірге қатар дамып келе жатыр әлеуеті қазір жоғары.
ЕРБОЛ ӨТКЕЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл шараның негізгі мақсаты - біз әскери қызметкерлер қатарына барлық білім беру ұйымдарындағы әскери пән оқытушыларында қостық. Әскери патриоттық тәрбие бойынша облысымыз бойынша іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.