#qyzylordatv

Президент паркінде салынып жатқан 300 орындық балалар тынығу лагері мен ботаникалық білім беру орталығы жақында пайдалануға беріледі. Қазіргі күні құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Саябаққа сән, қала келбетіне көрік беретін заманауи үлгідегі нысандардың жұмысы туралы келесі бейнематериалда.

ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қайта жаңғыртылған Президент паркі бүгінде қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалыс орнына айналды. Қазір саябақта ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Солардың бірі жылдың төрт мезгілінде жұмыс істейтін 300 орындық заманауи үлгідегі балалар тынығу лагері

Лагердің жалпы аумағы 6 гектарды қамтиды. Басты ерекшелігі - жылдың төрт мезгілінде де үздіксіз жұмыс істейді. Дария жағасында, жасыл желектің арасында бой көтерген 300 орындық балалар тынығу лагері төрт негізгі типтегі ғимараттан тұрады. Атап айтсақ, спорт кешені, балалар мен тәрбиешілерге арналған тұрғын блоктар, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған «Event place» ғимараты және киіз үйлер бар. Бір сөзбен айтқанда, оқушылардың таза ауамен тыныстап, қосымша білім алып, түрлі үйірмелерге қатысып, жазғы демалысын керемет өткізуге барлық жағдай жасалған.

 ЕЛАМАН ТҰРСЫН, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ

«Event place» ғимаратында лоборатория, оқуға қажетті кабинеттер қарастырылған. 184 орынға арналған акт зал бар. Одан бөлек сыртқы футбол алаңдары, волейбол, баскетбол, балалар ойын алаңдары бар. Ортада амфитеатр қарастырылған....

 Қазір лагердің негізгі құрылысы аяқталған. Әрлеу, абаттандыру, тазалау жұмыстары жүріп жатыр, сондай-ақ жиһаздар орналастырылуда. Мердігер мекеме өкілінің сөзінше демалыс орталығы алдағы аптада пайдалануға беріледі.