#qyzylordatv

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Тасбөгет кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

 Бүгінде Тасбөгет кентінде жол жөндеу жұмысы қыза түсті. Жобаның бас мердігері – «УАД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестік 4 шақырымнан астам жолды күрделі жөндеуден өткізуде. Кенттегі Есенов және Амангелді көшелерін төрт жолақтыға кеңейту қолға алынған. Сондай-ақ жаяу жүргінші жолы, су ағатын арнайы лотоктар орнатылуда.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІИ

Осының бәрін елге жеткізу керек.Мен сіздерге айттым тек қала емес аудандарда да осы жұмыстар жалғасын табу керек қазір тауып та жатыр. Ең қажетті деген жерлерге бөлу керек та қаражатты бөлу керекта қажетті ең негізгі. Қалада бізде биыл негізінен шет аймаққа бөлдік қой шынын айтсақ жылда бөліп келе жатырмыз. Мынау тұрған жерімізден Тасбөгет кент қой, кентке жатады ғой мешіттен бастап Тасбөгеттің кіре беріс жолы ең күре тамыр жол аяқталғанша каналға дейін өйткені солай жоба жаса деген солай жасалды.

САМАТ ҚАРЫМСАҚОВ, «УАД» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Назарбаев, Есенов, Амангелді көшелері жалпы бір жобаны құрайды. Қазіргі таңда біз Назарбаев даңғылын күрделі жөндеуден өткізіп қолданысқа беруге дайын тұрмыз. Есенов, Амангелді көшелері екі жолақтыдан 4 жолақтыға кеңіп, екі жағында жаяу жүргінші және де су ағар және де жарықтандырудан барлығы жаңадан қойылатын болады. Бұл 3 жобаның жалпы ұзындығы 4500 шақырымды құрайды. Жалпы құрылыс мерзімі 14 ай берілген, біз 6 айда қолданысқа береміз деп жобалап отырмыз. Жұмыс наурыз айында басталды,сентябрь айында қолданысқа береміз деп жоспарлап отырмыз.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде қала ішіндегі негізгі көшелермен қатар, шет аймақ жолдарын жөндеуге де басымдық берілуде. Сонымен қатар, алдағы уақытта «Қызылжарма» каналы арқылы жаңа көпір салу, бірқатар көшені қайта жаңғырту және Сырдария арқылы жаяу жүргіншілер көпірін салу жоспарланып отыр. Жалпы, өңірде инфрақұрылымдық жобалар жүйелі түрде жүзеге асып, жол сапасы кезең-кезеңімен жақсарып келеді.