#qyzylordatv

Биыл кеңес әскерінің Таулы Қарабақ жерінен шығарылғанына 35 жыл. Аталған операцияға қатысып, өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан батырларды еске алу мақсатында мектеп оқушылары арасында волейболдан қалалық турнир өтті.

 Әзірбайжан мен Армения мемлекеттерінің арасындағы Таулы Қарабақ аймағы үшін туған кикілжің 1988 жылы үдей түсті. Содан кейін бітімгершілік операциясына Сыр өңірінен 130-ға жуық сарбаз аттанып, өздеріне жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындады. Көбі сол шайқаста ауыр жараланып елге оралса, жат жерде қаза тапқандар да бар. Турнирдің ашылу салтанатында жауынгерлік рухы мұқалмаған азаматтар естеліктерімен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы жарысқа қала мектептерінен 8 команда 100-ге жуық спортшы қатысты. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын сайыс жеңімпаздарына диплом және арнайы кубоктар табысталды.