#qyzylordatv
«Тазалық – табалдырықтан басталады. Сондықтан әрбір тұрғын ең бірінші өзінің үйін, ауласын, көшесін таза ұстау керек». Бұл қазалылық Қазыбай Саниязов пен Ахметулла Амановтың пікірі. Туған жерді түлетіп, айналаны жасыл желекке бөлеп отырған бағбандармен әріптесім Әкімжан Жолтаев тілдесіп келді.
Ахметулланың ауласында қияр, қызанақтан бастап құлпынайға дейін өсіп тұр. Ал, жеміс ағаштарының ұзын саны жетпіске жуықтайды. Мемлекеттік қызмет саласының ардагері бағбандыққа зейнетке шыққаннан кейін бет бұрыпты. Көршілес Қырғызстаннан, Алматы, Жамбыл, Шымкент қалаларынан көшеттер әкеліп, Қазалының топырағына жерсіндірген. Нәтижесі жаман емес, шағын ғана аула жасыл желекке бөленіп, балалар жемісін жеп жүр.
АХМЕТУЛЛА АМАНОВ, ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Алманың үш түрі бар. Жамбыл облысынан алып келдім 20 түбін соны отырғыздым. Табиғи өнім, келіндер тұздап алады. Қыстай балдар жейді. Жүзімнің де 2-3 түрі бар Қырғызстаннан алдырғам...
Білікті бағбан немерелерінде еңбекке баулып, өскінді егу, күтіп баптау жұмыстарын үйретеді. Ал, кішкентай көмекшілер атасына қолғабыс беруге асығады.
АХМЕТУЛЛА АМАНОВ, ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ \Қи тасу, шөп шабу деген сияқты жұмыстарға осы бастан бейімдеп жатырмыз. Мәңгілік ешкім жоқ, балдар әрі қарай алып қалу керек осы істі. Тазалықты әркім өзінің ауласынан бастау керек. Біз соған бейімделгенбіз....
Қазыбай Саниязов та нағыз еңбек адамы. Күні бойы қолынан кетпенін тастамайды. Қыстың қамын жаз ойлайтын ардагер есігінің алдына картоп, сәбіз, жуа сияқты бақша дақылдарын егіп, ауласын жайқалтып отыр. Тазалыққа жаны құмар жан көше тұрғындарының басын қосып, апта сайын сенбілік ұйымдастырады екен.
ҚАЗЫБАЙ САНИЯЗОВ, ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Лев Толстойдың бір сөзі бар «Аула таза болса, әлем таза» деген. Міне, әрбір үй егесі айналасын таза ұстаса ешқандай қиындық болмайды. Қазақта сөз бар: «құлын өсіп қазан ат болмайма, бала өсіп азамат болмайма, тал терек болмайма, терек керек болмайма» дейді. Сол тал, терегіміз болашақ ұрпағымызға жалғасын тауып, немерелеріміз елімізді көркейтуге жұмыс жасайды деп ойлаймын
Жептістің желкенін керген Қазыбай қария қолы қалт ете қалса жасыл желектің саясында, таза ауда отырып кітап оқығанды ұнатады.
ҚАЗЫБАЙ САНИЯЗОВ, ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ \Асқар Сүлейменов ағамыздың айтқаны бар еді: «кітап оқымаған адамның миы сұйылдып кетеді» деп. Ф.Оңғарсынова: «кітап оқымаған адам қаңбақ сияқты, қаңбақтың қайда баратынын өздерің білесіңдерғой»,-дейді.....
Бағбандықпен шығармашылықты қатар алып жүрген ақсақалдың тағы бір қыры - қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа біледі. Соның ішінде Мұхтар Шахановтың шығармалары жаныма жақын,- дейді.
ҚАЗЫБАЙ САНИЯЗОВ, ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Шахановтың «Жігерлендіру» өлеңінен жігер алған қазалылық қарияның жаны да, тәні де тазалыққа құмар. Міне, ауласын жасыл желекке бөлеп, туған жерді түлетуге атсалысып жүрген Қазыбай Саниязов пен Ахметулла Амановтың бұл ісі көпке үлгі.