#qyzylordatv

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Жаңа әкімнің тағайындалуы өңірді басқару жүйесіндегі кадрлық өзгерістер аясында жүзеге асты.

 Мұрат Ергешбаев 1966 жылы Қызылорда қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғарғы мемлекеттік басқару мектебін бітірген.Ол өзінің еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданындағы кеңшарда экономист болып бастаған. Одан кейін әр жылдары Сырдария аудандық өнеркәсіп бірлестігінде бөлім бастығы, банк саласында түрлі басшылық лауазымдар атқарып, Төтенше жағдайлар министрлігі "Өрт сөндіруші" акционерлік қоғамының вице-президенті болған.

 2008 жылдан 2010 жылға дейін Қызылорда қаласының әкімі қызметін атқарды. Содан кейін Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы, Қармақшы, Шиелі ауданының әкімі лауазымдарында болды.

2015 жылдан 2017 жылға дейін "ҚазАгроӨнім" акционерлік қоғамының басқарушы директоры қызметін атқарса, 2017- 2023 жылдар аралығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қазалы және Сырдария ауданының әкімі болды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап AMANAT партиясының партиялық тізімі бойынша 8-ші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.