#qyzylordatv

Жалағаш аудандық полиция бөлімінде Отан қорғаушылар күніне орай «Ардагерлер аллеясы» ашылды. Сонымен қатар, мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшылары марапатталды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ашылған аллея ардагерлерге деген құрметтің белгісі. Саналы ғұмырын ішкі істер саласына арнаған азаматтар ағаш көшеттерін отырғызып, игі іске атсалысты. Полиция қызметкерлерінің қоршаған ортаға деген қамқорлығы, табиғатқа деген жанашырлығы, туған жерге деген сүйіспеншілігі көпке үлгі.

БОЛАТБЕК НҰРЖАНОВ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл енді келешекте жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде, табиғатты қорғау, экологиялықө тәртіпті сақтауға үндейтін бастама деп ойлаймын. Барлық полиция қызметкерлерін, ардагерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын

 Салтанатты жиынға облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірбек Шаймағамбетов қатысып, сала қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алуда уақытпен санаспай жұмыс істеп жүрген тәртіп сақшыларының еңбегін ерекше атап өтті.

 ОРАЛБЕК ОМАРОВ, ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облыстық полиция департаментінде екі жүзден астам қызметкер әртүрлі марапаттарға ие болды....

 Жалағашта қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алу бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Мәселен, жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен бес мыңнан астам құқық бұзушылық дерегі анықталған. Бұл әрине полиция қызметкерлердің қырағылығымен іскерлігінің арқасы. Шара барысында тәртіп сақшыларының еңбегі еленіп, құрметке бөленді.

 Мерекелік кеште аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жұбайлары мен ұл-қыздары өнер көрсетті.