#qyzylordatv

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов облыстық мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты. Басқосуда Президенттің облыс әкімі лауазымына екі кандидатты: Ардақ Зебешев пен Мұрат Ергешбаевты ұсыну туралы хаты оқылды. Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 81% депутат Мұрат Ергешбаевтың кандидатурасын қолдады. 19% депутат Ардақ Зебешевке дауыс берген. Осылайша Президент Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып Мұрат Ергешбаев тағайындалды. Облыс әкіміне халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономика салаларын әртараптандыру және цифрландыру, инвестиция тарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту сынды өзге де басым бағыттарға бағдарланған конституциялық реформаны жүзеге асыру міндеті қойылды.

  Сондай-ақ, Олжас Бектенов Мемлекет басшысының атынан Нұрлыбек Нәлібаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.