#qyzylordatv

Аймағымызға Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің ынтымақтастық жөніндегі басшысы Йоханнес Баур жұмыс сапарымен келді. Алдағы уақытта Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы ынтымақтастық нығайып, Сыр өңірінде де бірқатар жұмыстар атқарылатын болады.

 ЙОХАННЕС БАУР – ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫСЫ

 Біздің міндетіміз Қазақстан мен Еуроодақ елдерінің арасындағы саяси және экономикалық байланысты нығайту, сол байланысты әрі қарай дамыту. Бұл негізде бірнеше бастамамыз бар. Бұл бастамалар «Глобл гет уи» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Басым бағыттың бірі – Еуропа елдерімен Орталық Азияны байланыстыратын ТрансКаспий дәлізі. Қызылорда осы көлік коридорының Азиядан Еуропа еліне маңызды бір бөлігі. Біздің бұл бағдарламадағы міндетіміз – осы дәлізді дамыту барысында Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерімен байланысты нығайту және Каспий теңізіндегі порттарды дамыту.

Келесі басым бағыттың бірі -мұнай, уран, мыс, ваннадий сияқты маңызы зор шикізаттарды өндіру бойынша байланыс орнату.

 Йоханнес Баур сондай-ақ, су тапшылығын жою, суды тиімді пайдалану бойынша ауқымды жобалар іске асып жатқанын атап өтті.

 ЙОХАННЕС БАУР – ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ БАСШЫСЫ

Бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Соған байланысты маусым айында Қызылорда облысына өкілдеріміз келетін болады. Еурова өкілдігінің негізгі мақсаты маңызды шикізаттарды өндіру, алмасу. Тағы бір басым бағытың бірі - су тапшылығымен күресу. Бұл ретте кеше Арал ауданына барып, Арал теңізін көрдім. Осы салада бірнеше жобаларды жүргізіп жатырмыз. Бұл жаңа бастама емес. Бұрыннан су тапшылығын жою, суды тиімді пайдалану бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Осы орайда көп жобамыз Кіші Аралды сақтап қалуға бағытталған. Мысалы, Кіші Арал маңында сексеуіл егу. Сонымен қатар Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен Көкарал бөгеті салынды.