#qyzylordatv
«AMANAT» партиясы жаңа модульдік бағдарламаны жүзеге асыруда. Бағдарлама көшбасшылық қабілеттерді дамыту мен мемлекеттік басқару сапасын арттыруға бағытталған. Оқу семинардың ашылу рәсімінде «Amanat» партиясы саяси менеджмент академиясының директоры Тамара Дүйсенова бағдарламаның мақсаты туралы баяндады.
Бағдарлама аясында Сыр өңірінде кезекті оқу семинары басталды. Семинарда өңірлерді дамыту, салық мәселесі, бюджеттер және коммуникацияға байланысты тақырыптар қамтылатын болады. Яғни, қатысушылар «Жеке көшбасшылық және құндылық бағдары», «Өңірлер мен жергілікті қауымдастықтардың дамуын басқару», «Даму үшін салықтар: түсімдер базасынан жергілікті деңгейдегі нәтижеге дейін», «Бюджеттік вертикаль: республикадан ауылға дейін», «Халықпен және командамен тиімді коммуникациялар», «Саяси науқандар: позициялаудан сенім мен қолдауға дейін» тақырыптары бойынша білім алады.
МҰРАТ ТЛЕУМБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
Осы тұрғыда қолға алынған 3 кезеңдік оқу курсы жай ғана дәрістер жиынтығы емес бұл көшбасшылық, өңірлік даму, салық және бюджеттер саласындағы тұтас әрі жүйелі түсінік қалыптастыратын үлкен мектеп. Бағдарламаның басты мақсаты жергілікті деңгейде басқарушылық шешімдердің сапасын арттырып, халықтың билікке деген сенімін нығайту.
Оқу семинары үш күнге жоспарланған. Оған ауыл әкімдері, мәслихат депутаттары, партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының қызметкерлері, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатарынан 130 адам қатысуда.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА – «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Мұндағы ең негізгі мақсат әрбір азаматтың өзінің функционалдық құзіретін дамыту мәселесін қарастырып жатырмыз. Яғни ауыл әкімі оның функционалдық құзіреті қандай болуы керек? Депутаттардың аудандық немесе облыстық функционалдық құзіреті қандай болуы керек, бастауыш ұйымдардың құзіреті қандай болуы керек? Соны оқытамыз. Яғни 6 модульде, ең бірінші мәселе – өңірлерді дамыту.
Семинар үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде базалық оқу – негізгі теориялар түсіндіріледі, екінші кезеңде тесттен өткен азаматтар жоба әзірлейді, үшінші кезеңде азаматтардың алған білімді практикада қалай қолданғаны, жобаның қаншалықты тиімді болғаны анықталады.