#qyzylordatv

Келер жылдың соңына қарай ауылды мекендердің 90 пайызына талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылады. Бұл сапалы әрі жылдам интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгін, мамандар, оның ішінде кабель тартушы, оптикалық талшықтарды жалғаушылар шеберліктерін сынға салды. 20-ға жуық байланыс қызметкері оптикалық талшықты жалғаудағы жылдам әрекет пен асқан дәлдікті көрсетті. Бұл шара осымен екі жыл қатарынан байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні қарасыңда өткізіліп келеді. Бүгінде елімізде 20 миллионнан астам мобильді абонет бар, интернет жылдамдығы секундына 94 мегабитті құрайды.